Provisioning профилін ұялы құрылғыға орнату үшін:
Қалтаның жұмыс аймағында басқарылатын ұялы құрылғылардың тізімі көрсетіледі.
Бірнеше ұялы құрылғыны таңдап, оларға provisioning профилін бір уақытта орната аласыз.
Сондай-ақ, сіз ұялы құрылғының контекстік мәзірінен Барлық пәрмендер тармағын, содан соң Provisioning профилін орнату тармағын таңдау арқылы пәрменді ұялы құрылғыға жібере аласыз.
Нәтижесінде, provisioning профильдері тізімі бар Рrovisioning профильдерін таңдау терезесі ашылады. Тізімнен ұялы құрылғыға орнату қажет provisioning профилін таңдаңыз. Бірнеше provisioning профильдерін таңдап, ұялы құрылғыға бір уақытта орната аласыз. Provisioning профильдері ауқымын таңдау үшін SHIFT пәрменін қолданыңыз. Жекелеген provisioning профильдерін бір топқа біріктіру үшін CTRL пәрменін қолданыңыз.
Пәрменді орындау нәтижесінде пайдаланушының ұялы құрылғысына таңдалған provisioning профилі орнатылады. Пәрмен сәтті орындалған жағдайда, пәрмендер журналындағы пәрменнің ағымдағы күйі Аяқталды мәніне ауысады.
Қайтадан жіберу түймесі бойынша пәрменді пайдаланушының ұялы құрылғысына тағы да бір рет жіберуге болады.
Пәрмен әлі орындалмаған болса, Кезектен жою түймесі арқылы, жіберілген пәрменнің орындалуын болдырмауға болады.
Пәрмендер журналы бөлімі мобильдік құрылғыға жіберілген пәрмендерді сәйкес орындалу күйлерімен көрсетеді. Пәрмендер тізімін жаңарту үшін Жаңарту түймесін басыңыз.
Орнатқан профиліңізді қарай аласыз және қажет болса, жоя аласыз.